<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>175</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.G                                Am
 Аспанда жарық ай, самсаған жұлдыздар.
.          D7                G
 Рақымын аямай нұрын төкті Құдай.
. G                            Am
 Бүгін жар саламыз Иса Сөзін елге
.            D7                G
 Құдайдан Ол келген күнәң үшін жерге

[C1]
.  G         C      Am   D     G
   Иса Тәңір жүрегімде жаса мәңгі,
.            C    Am     D      G
   Өзіңменен өміріміз болсын сәнді.
.  G           C      Am      D   G
   Мадақталсын киелі Атың бар әлемге.
.            C       Am     D     G
   Бір Өзіңе арнайық  жыр менен әнді.

[V2]
 Көктегі Әкемнің айтқан сөзі балғын
 Інжу маржан Сөзін бауыр сенде алғын.
 Кешірім алғанда күнәңды ақтайды
 Ажалдан, апаттан жаныңды сақтайды.

[V3]
 Ием Жаратушым, Тәңірім, Бағушым!
 Атыңды даңқтаймын Иса Құтқарушым.
 Шексіз мейіріңмен аштың құшағыңды.
 Сыйладың Сен бізге ғажап жұмағыңды.</lyrics>
<title>Аспанда жарық ай, самсаған жұлдыздар РӘЖ175 Қак48 МЖЖ12</title>
<key>G</key>
<author>Темірбеков Азамат</author>
</song>